Ұлттық Рухани жаңғыру - жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық Рухани жаңғыру - жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады

Ұлттық Рухани жаңғыру - жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады

2017 жылдың сәуір айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” атты мақаласы шыққан болатын.

  • 30 Қазан 2021
  • 35
Фото - Caravan.kz

4 жыл ішінде осы мақала бастамасымен елімізде көптеген іс-шаралар өткені көпшілікке мәлім.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы шыққаннан бері тиісті құрылымдар құрылып, қызмет етіп жатыр. Олар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігіндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты және өңірлік жобалық офистер. Осы құрылымдарды құру қоғамдық сананы жаңғырту бағытында жүйелі жұмысты жоспарлап, атқаруға мүмкіндік берді.

Caravan.kz медиа порталы әр өңірлерде Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша қандай істер атқарылғаны туралы саралап көрді.

Елорда — Нұр-Сұлтанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында бір қатар ұлы тұлғаларға ескерткіштер орнатылған болатын.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің директоры Жұманбаева Ақерке Ақтайқызы Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында айтып берген болатын.

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткіші ашылды. Алып мүсін Сарыарқа даңғылы бойындағы Кенесеры мен Абай көшесінің ортасындағы аллеяда орналасқан. Дәл сол жерден Талғат Бигелдинов көшесі басталады. Ескерткіш қоладан және граниттен жасалды. Мүсінші – Нұрлан Далбай, ал сәулетші – Расул Сатыбалдиев. Олар Ұлы Отан соғысы жылдары кезіндегі жас ұшқыш Бигелдиновтің бейнесін жасап шықты. Батырдың кеудесінде медальдары да бейнеленген.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Алаш қайраткерлері – Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына президент Қ.Тоқаев, мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, кейбір үкімет мүшелері, алаштанушы ғалымдар қатысты.

Ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторы-мүсінші Асқар Нартов, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Ескерткіштің жалпы биіктігі-10, 25 метр. Қоладан жасалған. Ғалымның мүсіні 5, 25 метрге жетеді. Гранит тұғырының биіктігі — 5,8 метр. Ескерткіштің тұғырында «Менің халқым менен де биік» деген сөз қашалған.

Сонымен қатар, көрнекті күйші Дина Нұрпейісованың ескерткіші Абылай хан даңғылы мен Күйші Дина көшесінің қиылысында орнатылды. Ескерткіштің авторы-мүсінші Бауыржан Жалын. Ескерткіштің жалпы биіктігі — 5530 метр. Биіктігі 2720 метрге жететін композитордың мүсіні қоладан жасалған. Гранит тұғырының биіктігі-2210.

Шымкент қаласында «Еңбек елдің мұраты», «Дәстүр және ғұрып», «Құқықтық мәдениет», «Үнем – қоғам қуаты» арнайы жобалар қосылған. Оларды түсіндіру, талдау бойынша семинар-тренингтер өтсе, ғалымдар, психологтар, тарихшылар, сот жүйесінің мамандары, тағы басқа да сала мамандары қатысқан. Қазір Шымкенттік үш жоба Республикалық үздік жобалар жинағына енген.

Ал,
Қарағанды облысында
, жылдың бірінші жылдығының өзінде 649 іс-шара өткізілген. «Сарыарқаның жаңа есімдері», «Менің атам… менің әжем», ұлттық киімдер челленджі, «Әз-Наурыз» ақындар айтысы және өзге де жобалар өткен.

Ал Ақтөбе өңірінде «Рухани жаңғыру қайнары – латын негізді әліпби» жобасы аясында облыс көлемінде тренингтік шаралар өткені белгілі. Аталған шараға Ақтөбе қаласы мен өңірдегі барлық аудандар қамтылды.

Жоба аясында қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелеріне, халыққа қызмет көрсету, банк, медицина, білім, құқық қорғау, әскери сала қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге, БАҚ өкілдеріне арналған тренингтер ұйымдастырылды. Оған арнайы А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтынан мамандар шақырылып, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы түсіндірілді.

Жыл басынан бері Алматы қаласының өзінде 400-ге жуық жоба жасалғаны белгілі болды.

Еліміздің әр аймағында Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша көптеген іс-шаралар өткен.

Биыл елімізде «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы іске асырыла бастады.

Жобаның мақсаты – ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен алуан түрлілігін арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.⠀Жоба 3 негізгі бағыттан, 7 міндет, 21 көрсеткіш, 66 ауқымды іс-шарадан тұрады.

"Рухани жаңғыру" демекші Шымкент қаласы, Жастар маслихатының депутаты Жасмин Асқарқызы Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы іске асса 30 емес, 10 елдің қатарына кіре аламыз — деген болатын.

"Еліміз дамыған елдердің қатарына кіруі үшін менің ойымша елбасымыздың, ұлы ғұлама-ғалымдарымыздың айтып кеткен қымбат құндылықтарын, ұлттық кодты, ұлттық санасыy жоғалтпай осы “Рухани жаңғыру бағдарламасы” жобасында айтады ғой 30 елдің қатарын кіру үшін біз бәсекеге қабілетті болуымыз керек деген. Жобада айтылғандардың бәрін жасайтын болсақ, іс-әрекеттеріміз соған сәйкес болатын болса. онда біз 30 емес тіпті дамыған 10 елдердің қатарына да кіре аламыз. Ол мүмкін, ол болады. Егер бір сеніп, барлығымыз бірігіп, еңбекпен адал іспен, жаңашылдықпен ұлттық құндылықты ұштастыра отырып жұмыс жасасақ, алға қарай ұмтылсақ бізде алынбайтын қамал болмас еді. Әрқашан жетісітікке жетуге бізде толыққанды мүмкіндік болады. Біз міндетті түрде жеңіске жететін боламыз", — деді Жасмин Асқарқызы.