Жарияланды: 350

Ұлттық саябақта жаппай кісі өліміне күдіктілер іздестіріліп жатыр

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматы облысындағы Іле-Алатау ұлттық саябағындағы жаппай кісі өліміне күдікті

- Саян Қайыров пен Зауырбек Ботабаевты іздестіру жер-жерлерде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бірқатар ақпарат құралдарының күдіктілер Ақтауда жасырынып жүр екен деген ақпарына қатысты журналистерге түсінік бере отырып, Қ.Қасымов: "Біз барлық жерлерге хабар жібердік, олардың бірі Батыс Қазақстан тумасы. Олар Ақтауда жасырынп жүр деп айта алмаймыз, әзірге жұмыс жүргізудеміз», деп атап өтті. Биыл тамыз айында Іле-Алатау ұлттық саябағы аумағында он екі адамның пышақталған денелері табылған болатын. Кейіннен ІІМ ұлттық саябақтағы жаппай кісі өлімін жасаған діни-экстремистік топ мүшелері деп мәлімдеді. Олардың кім екені анықталды. Олардың екеуі - С.Қайыров (Батыс Қазақстан облысының 1975 жылы туған азаматы) және З.Ботабаев (Жамбыл облысының 1978 жылы туған азаматы) болып шыққан. Жаппай кісі өліміне қатысы бар топтың өзге мүшелері 17 тамызда Қарасай ауданының Үлкен Алматы ауыл аймағындағы «Таң» саяжайларының бірінде жойылуы мүмкін. Ол кезде Бас прокуратура көзі жойылған бес террористің Іле-Алатау ұлттық саябақтағы адам өліміне қатысы бар-жоғын құқық қорғау органдары тексеріп жатқанын мәлімдеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін