Ұлттық ядролық орталық бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тритийге зерттеулер жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық ядролық орталық бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тритийге зерттеулер жүргізуде

Ұлттық ядролық орталық бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тритийге зерттеулер жүргізуде

АЛМАТЫ. 20-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында сутегінің радиоактивті изотопы - тритий бар ма, жоқ па деген бағыттағы зерттеулерді одан әрі жалғастыруда. Бұл туралы бүгін өткен қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Қайрат Қадіржанов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Маусым 2006
  • 740
Фото - Caravan.kz

“Полигон аумағында ядролық жарылыстар кезінде тритий түзілген. Ол сутегін алмастырып, сумен бірге алыс қашықтықтарға дейін жетеді. Қазір біз осы бағыттағы зерттеуледі жалғастырып жатырмыз”,- деді Қ.Қадіржанов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, тритий алғаш рет осыдан бірнеше жыл бұрын Дегелең аумағынын тысқары Қаражал кеніші ұңғыларынан табылған.

Сутегінің радиоактивті изотопы болып табылатын тритий термоядролық синтездік реакцияларда маңызды компонент ретінде, термоядролық бомбаларда жанармай ретінде, сондай-ақ, химиялық, биологиялық және гидрологиялық зерттеулерде қолданылады.

Перейти к новостям спорта