"Ұлттық жаңғыру - ұлттық санамен тығыз байланысты" - Нұрайым Шахимерген - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлттық жаңғыру - ұлттық санамен тығыз байланысты" - Нұрайым Шахимерген

"Ұлттық жаңғыру - ұлттық санамен тығыз байланысты" - Нұрайым Шахимерген

Осыдан төрт жыл бұрын 2017 жылдың 12 сәуірінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялап, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген еді.

  • 22 Сәуiр 2021
  • 176
Фото - Caravan.kz

Бұл жаңғыруға қазақстандық қоғам қолдау көрсетті, аз ғана уақыт аралығында жалпы елімізде ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылды.

Елбасымыз жолдаған бұл бағдарлама аясында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр, қандай идеялар іске асырылып жатыр осы және өзге де сұрақтар төңірегінде Шымкент қалалық Жастар маслихатының депутаты Нұрайым Шахимергенмен Caravan.kz медиа порталының тілшісі сұхбаттасты.

— Нұрайым айтыңызшы қазіргі жастар, қоғам белсенділері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қандай жұмыстар атқарып жатыр?

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша көптеген идеялар айтылды, Елбасының бұл жолдауы жайлы әркім өзінше жұмыс атқарып жатыр. Бірақ ең алдымен біз қандай сананы қалыптастырып келе жатырмыз? Соны ойлануымыз керек. Елу жылда ел жаңа дейді. Жалпы менің көкейімде жүрген сұрақтардың бірі, ең алдымен қаламыздың көркеюі. Туған жерімізді аялап, қастерлеп өтуіміз. Ол үшін ең алдымен не істеуіміз керек, әрине қаламызды таза ұстауымыз керек. Елу жылда жаңа экологиямызды көрсетуіміз керек. Сонда ғана тағы да бір мәрте рухани дамып жатқандығымызды дәлелдейміз. Біз табиғат анамыздан, туған жерден бәрін алып жатырмыз, бірақ ештеңе беріп жатқан жоқпыз. Сол себепті ең алдымен осыған мән бергенді жөн көрдік.

— Сонда не жасап жатсыздар? Қандай идеяларыңыз бар?

— Біз қазір жастардың экологиялық білімдерін дамыту бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Ол біздің рухани жаңғыруымызға, рухани дамуымызға өте маңызды шешім деп ойлаймын. Тіпті біз жерде жатқан қоқысты жәшікке дұрыстап тастамаймыз. Жастар олай жасай беретін болса, Қазақстанның әр бір қаласы қоқысқа айналмайды ма? Міне осындай кішкентай нәрседен бастап болашақ жастарымызды тәрбиелейміз. Мысалы, елімізге келген жаман індеттің өзі таза ауаның қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп қойды ғой. Ал ол таза ауа болу үшін бізде жапырағы жайқалып тұрған жасыл ағаштар керек. Біздің ойлап тапқан идеямызды айтар болсам, қаламызға ағаш отырғызуымыз керек, және ол smartталған ағаш болады. Еліміздің белсенді азаматтары, қоғам қайраткерлері тіпті қарапайым адамдарда бұл ағашты отырғызады, ал біз оған QR код енгізіп береміз. Оны қалай қолданамыз деген сұрақ туындайды әрине. Телефондарыңыздың камерасына кіресіздерде жаңағы кодты көшіреді. Міне сол кезде бұл ағашты сіз қашан ектіңіз, сіз қандай адамсыз, кімсіз, сіздің қандай жетістіктеріңіз бар соның бәрі бірден шығып тұратын болады, Және бұл ағаштың ерекшелігі айына бір рет сізге өзіне су құю керек екендігін ескертіп тұратын болады.

— Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы бағыттар уақыттың талаптарына нақты жауап береді ме?

— «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады .«Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» сынды бағыттары мектеп оқушылары үшін өте маңызды. Бұл ретте жобаның жүзеге асырылуын қадағалау, оны дамыту мен бақылау, сонымен қатар жобалық басқаруға оқыту, кеңес беру және басқа да жұмыстар жастардың алға қойған межелерінің бірі.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы біздің алға қойған мақсаттарымыздың орындалуына арналған жаңа тәсіл. Жаңа уакыт, басты мәселелер, әрбір тәрбие жұмысына жаңа өзгерістер мен жаңа технологияларды талап етеді. Рухани жаңғыру-сананың жаңғыруы. Сондықтан алға қойған бағыттарды орындау біздің міндетіміз.

— Ұлттық жаңғыру дегеніміз не сіздің ойыңызша ?

— Ұлттық жаңғыру дегеніміз — ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты — ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді», -дейді Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу — Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз.

— Рухани жаңғыру идеясы дегенді қалай түсінесіз?

— Рухани жаңғыру идеясы — ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуадық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тархы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі.

— «Рухани жаңғыру» – болашағымызға бағдар. Бағдарламаны алдағы уақытта да ойдағыдай жүзеге асырған жағдайда, 10 жылдан кейінгі біздің қоғам қалай болады деп ойлайсыз?

— Жалпы, біз қоғамда бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімге құштарлық, сананың ашықтығы, ұлттық кодты сақтау және елдің эволюциялық дамуы сияқты бағдарламаның нақты құндылықтарын көргіміз келеді. Қоғамда осындай құндылықтарды қалыптастырмасақ – жарқын болашаққа қол жеткізбейміз. Сол себепті «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырумен айналысамыз. Жалпы болашаққа бағдар беретін әрі рухани жаңғыруға үндейтін бағдарламалық мақаланың күн санап артып, нұрлы болашақтың темірқазығына айналуда. Солардың бірі әрі бірегейі басшымыздың кезекті «Туған жер» бағдарламасы. Аумағы ұшқан құстың қанатымен, жүйіткіген тұлпар тұяғының дүбірімен өлшенген кең де келісті өлке, қазақ даласында қасиетті орындар, тарихи ескерткіштер,табиғат тамашалары жетерлік. Егер біз туған елімізді, жерімізді, қаламызда, ауылымызды таза ұстайтын болсақ, қоршаған ортаның санасына осы тазалықты сіңірсек онда біз он жылдан соң әлемге әйгілі тамаша елдер қатарына кіреріміз сөзсіз.