Ұлы Абайдың табандылығы мен турашылдығы Алаш зиялыларына да жол сілтеуші болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Ұлы Абайдың табандылығы мен турашылдығы Алаш зиялыларына да жол сілтеуші болды

Ұлы Абайдың табандылығы мен турашылдығы Алаш зиялыларына да жол сілтеуші болды

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлына биыл 175 жыл.

  • 14 Ақпан 2020
  • 533
Фото - Caravan.kz

2019 жылдың мамыр айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомар Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде атап өту керек екенін ескеріп, арнайы жарлыққа қол қойған болатын. Сондай-ақ, аталмыш мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілді. Мерейтойды ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ аясында тойлау мәселелері пысықталып, дайындық жұмыстары басталып кетті.

Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай Caravan.kz медиа порталы Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы және оған қатысты қызықты деректерді назарларыңызға ұсынады.

Абайды Абай қылған Құнанбай

Ұлы Абайдың әкесі - Құнанбай Өскенбайұлы

Ұлы Абайдың әкесі — Құнанбай Өскенбайұлы. Фото — Abai.kz

Абайды Абай қылған Құнанбай. Өйткені, ол үйіне көп келетін би шешендердің әңгімелерін, жырауларын тыңдап өсті. Ал Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” романында әкесі мен ұлы бір-біріне қарама қарсы болып суреттеледі. Олар ол романда үнемі жараспаған жамандық пен жақсылықтың кейіпкерлері ретінде бейнеленген. Ал шын мәнінде Абай әкесін қатты құрметтеген, ол тіпті Құнанбайды Ескендір Зұлқарнайын, Аплатон сияқты алып тұлғалармен бір қойып, әкесін пір тұтқан.

Мұхтар Әуезов Абайдың бейнесін өте сақ әрі астарлап жазады. Көзіқарақты оқырман жазушы Құнанбайдың беделін сауаттылығы мен құрметін астарлы жеткізгенін бірден біледі. Әуезов бұл қадамға Абайға деген шексіз құрметі үшін барған. Ол ақынның алдын көргендіктен ғұламаның жоқ дегенде атын жазып қалдыруды мақсат етеді, сол үшін де ол романын қайта, қайта өзгертіп жазуға келіседі.

Бозбала Абай

Ұлы Абай 15 жасқа толған кезде әкесі Құнанбай оны жүзбасын басқаруға арластырып, оған сенім артады. Абай өзі өмір сүрген қоғамның барлық проблемасымен сол бала кезінде бетпе-бет келеді. Абайды әсіресе әйелдердің әлсіздігі мен теңсіздігі, сол замандағылардың надандығы қатты толғандырған. Абайдың осы кезде көрген азабын жазушы Мұхтар Әуезовтың романында айна қатесіз ашық жазып, көрсетілген.

Абай 15 жасқа келгеннің өзінде талай дау-дамайдың әділ шешілуіне себепкер болып, шешендігімен танылған талантты мойындаған айналысындағы халқы оны орда бұзар жастан асқан шағында оны би етіп сайлайды. Ал 30 жасқа толған кезде Абай ауылда болыс болып, яғни қазіргі тілмен айтқан ауылдың әкімі болып сайланады.

Ұлы Абайдың сәтсіз махаббаты

Абайдың алғашқы махаббаты - Тоғжан

Абайдың алғашқы махаббаты — Тоғжан. Фото — Massaget.kz

Махаббат құдіреті әр адамның жүрегіне ұя салатын құдірет. Ол құдірет бірде шапағатқа, бірде машақатқа, бірде ләззатқа, бірде мұңға бөлейтіні сөзсіз. Ондай сезім, мұңға бөлеген махаббат құдіреті Ұлы Абайдың да өмірінде орын тапқан.

Ұлы ақынның ақылы мен жүрегін жаулаған, қолы жетпей, мәңгі арманына айналған ғашығы Тоғжан еді.


Алшынбай Құнанбайдың досы болған, ол қызы Ділдәні Абайға беріп, екі үлкен руды құдаластырғысы келеді. Абай әкесінің айтқанынан шыға алмай, осылайша оның Тоғжанмен қарым-қатынасы сәтсіздікке ұшырайды.

Ұлы Абайдың табандылығы

Vk.com

Фото — Vk.com

Абайды қанша адам азаптаса да, азғырса да ол өз айтқанын, өз айтқанына ешқашан шыққан емес. Абайдың бұл табандылығын қазақ зиялыларының талайы көріп, одан өнеге алған. Солардың бірі Абайдың немере інісі, ағартушы, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ағасының жолын жалғаған Шәкәрім халыққа турашылдығымен танылды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және өзге де Алаш зиялылары Абайдың ізін жалғаушылары ғана емес оның шәкірттері.

“Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?”

Нәпсісін тыйып, бойын тоқтатқан кісінің жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, пәле шығарған кісі мықты атанатұғыны несі?

Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай?

Абайдың заманында тастаған бұл сауалдары әлі күнге дейін мазмұнын жойған жоқ. Жауабы да табылмай келеді, демек қай уақытта да, қай кезеңде де өзекті деген сөз. Абайдың қасиеті мен құдіреті осыда. Қай заманда болмасын естір құлақпен, ескерер есті кемде кем.

Абайдың өмірінде қызықты да, қиын да өмір, сәтсіз махаббат та өтті. Ұлы Абайды халық ешқашан жадынан шығармайтыны мәлім. Жылдың басынан бастап Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы елімізде ғана емес, шет елдерде де басталып кетті.

Роза Рымбаева, Димаш Құдайбергенов сияқты еліміздің танымал өнерпаздары мен шетелдік Джеки Чан, Игорь Крутой секілді әйгілі әртістер Ұлы Абайдың өлеңдерін өз тілдерінде оқып, халық ақынының 175 жылдығымен бүкіл қазақ халқын құттықтаған еді.

Абайдың 175 жылдығының қарсаңында Ресейдің Новосібір, Барнауыл, Омбы қалаларында ақынға арналған көрме өтеді. Ал осыдан бірнеше күн бұрын Түркияда “Трт Аваз” телеарнасының қатысуымен Абай жылы салтанатты түрде өтті.

Сонымен қатар, Талдықорғанда “Ортақ Абай”, — атты көркем сөз байқауы өтсе, Елордада Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай “Адамзаттың алыбы – Хакім Абай” атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Соңғы жаңалықтар