Ұлы дала адвокатының" таныс тәсілі: Сәуле Әбілдаханқызы Бас прокурордың атына ашық хат жолдаған жаңа депутаттарды қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлы дала адвокатының" таныс тәсілі: Сәуле Әбілдаханқызы Бас прокурордың атына ашық хат жолдаған жаңа депутаттарды қатаң сынға алды

Ұлы дала адвокатының" таныс тәсілі: Сәуле Әбілдаханқызы Бас прокурордың атына ашық хат жолдаған жаңа депутаттарды қатаң сынға алды

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы қызылжарлық әлдебір "сепаратист" атанған топтың әрекетіне қатысты  Бас прокурордың атына ашық хат жолдаған су жаңа депутаттарды қатаң сынға алды.

  • 3 Сәуiр 2023
  • 1204
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Хат жазудың уақыты 5 жыл бұрын өткен…

Тем более, Парламентте отырып хат жазып, қол жинау — жұмсартып айтқанда, ұят.

Парламентті инстаграм, фейсбукпен шатастырып алдыңдар ғой деймін…))

Парламент хайп қуатын жер емес. Іс қылатын жер. Кез-келген министрді, әкімді, прокурорды шақырып алып, шаңын қағып, сұрақ қойып, тапсырма беріп, талап етуге Парламенттің құзыреті жетеді.

Не ол, өңкей атағы жер жаратын добалдай Парламент депутаттарының, оның ішінде өңкей еркектердің — ешқандай ресурсы жоқ, жұмыссыз, мұқтаж көпбалалы аналардың басын қосқан "Ақжүніс" ерікті аналар қоғамының деңгейінде жұмыс істеп, хат жазып, қол жиып жүргендері?.. "Міне, біз, 40 нөкер, хат жаздық!" деген хайп-хат па? ("Ұлы дала адвокатының" таныс тәсілі..)) менен үйренген….)))


Патриархаттарға позор!..)))

Сендерді де депутат дейді-ау", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.