«Ұлы Дала сазы» антологиясы тыңдармандарға жол тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ұлы Дала сазы» антологиясы тыңдармандарға жол тартты

«Ұлы Дала сазы» антологиясы тыңдармандарға жол тартты

Астанада «Ұлы Дала сазы» антологиясының тұсаукесері өтті. Жинақты Еуразиялық топтың «Көмек» корпоративтік қайырымдылық қорының қаржылық қолдауымен «Жәдігер» қағамдық қоры жасады.

  • 28 Тамыз 2014
  • 643
Фото - Caravan.kz

«Мұндай жобалар бір күнде жасалмайды. Біз материалдарды тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар арнайы экспедиция шығарып, 2,5 миллионға жуық қазақ тұратын Қытайдың Алтай, Іле, Тарбағатай және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан жинадық. Елбасының тапсырмасына орай, халық әндерін, жырлар мен термелерді жинақтап, таспаға түсіру жобасын дайындадық. Бұл жобада авторлық әндер емес, 500-ге жуық тек халық әндері жинақталды», — деді жоба жетекшісі, мәдениеттанушы Базарбек Атығаев.

Бұл жобаның ерекшеліктеріне тоқталған ол, жинақта өткен ғасырда өмір сүрген Ғарифолла Құрманғалиев, Елубай Өмірзақов, Дәнеш Рақышев секілді қазақ ән өнерінің кемеңгер қайраткерлерінің дауыстары бар екендігін атап өтті. Мұнымен қоса, қазіргі кезде танымал әншілер Бекболат Тілеухан, Ерлан Рысқалиев пен Рамазан Стамғазиевтің орындауындағы әндер таспаға түсті.

«Ұлы Дала сазы» антологиясы 24 дискіге жазылған 500 халық әнінен тұрады.


«Жинақ 3 мың данамен жарық көрді. Оның 1 мыңын музыкалық оқу орындарына, кітапханаларға тегін таратып жатырмыз. Бұл жобаның мақсаты пайда табуға негізделмеген. Жинақты өзіндік құнымен өткізу жоспарланып отыр», — деді жоба жетекшісі.

null

null

null

Перейти к новостям спорта