Ауқымды спорттық шараға 10-нан астам елденкомандалар қатысады деп күтілуде. Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка РеспубликасыРесей Федерациясының және т.б. елдердіңшнабандоздары дүбірлі додада бақ сынайтын болады.
Атап айтсақ, Қырғызстан құрамасы «Ұлы дала жорығына» қатысатын ең үздік аттарды іріктеу мақсатында көпкүндік ат спорты марафонын өткізді.
Қырғызстан Ат спорты федерациясының вице-президенті Манас Сұлтанов «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне шақыруды қабылдау үлкен мәртебе екенін айтты.
«Қазақстанда өтетін көпкүндік ат жарысына дайындық аясында 300 шақырымдық қашықтыққа «Кочмондор журушу» іріктеу марафоны өтті. Барлық командаларға сәттілік тілеймін және жеңімпаздардың көп болуын қалаймын. Ең төзімді және жылдам сәйгүліктер жеңіске жетіп, тұғырдан көрінетініне сенімдімін», — деді М.Сұлтанов.
Марафон-бәйге 5 мың жылдан астам бұрын адам баласы жылқы малын алғаш рет қолға үйреткен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекенінде 3 қыркүйекте бастау алады.
«Ұлы дала жорығына» Кабардин-БалқарРеспубликасының құрамасы да қатысуға дайындалуда. «АМД Кавказ» ат спорты клубының негізін қалаушыАхъед Махов қазақстандық ат жарысына қатысуғашақырту алғанын айтты.
«Марафон-бәйгенің бүкіл адамзат үшін киелі мекен саналатын Ботай қонысынан басталуы ерекше маңызды. Біздің команда аңыздар мен тарихи жәдігерлерге толы Ботай жеріне баруға ерекше ынталы. Олай болса, күт бізді, Қазақстан!», — деп атап өтті А.Махов.
Ат жарысы елорда — Астанада 7 қыркүйекте аяқталады. Оның жеңімпаздары 8 қыркүйекте өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылусалтанатына қатысады.
«Ұлы дала жорығы» – жылқы баласының еңмықты тұқымы анықталатын далалықлабороториясы.
Естеріңізге сала кетейік, «JORYQ» республикалық федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар, Қауымдастық құрамына бәйге, көкпар, аударыспақ, асық ату, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және т.б. федерациялар кіреді. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығына белгілі кәсіпкер, меценат, «Алтын Қыран» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы» Исламбек Салжанов басшылық етеді.