Ұлы мен келінін бастық қылған Нұрқатованың тағдырын Сапарбаев шешпек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлы мен келінін бастық қылған Нұрқатованың тағдырын Сапарбаев шешпек

Ұлы мен келінін бастық қылған Нұрқатованың тағдырын Сапарбаев шешпек

Туыстарын бастық қыламын деп басы дауға қалған Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарын арнайы комиссия тексеруге кірісті. Екі апта бұрын билік партиясы жанындағы кеңес мүшелері Сара Нұрқатованың қызметінен кетуін талап еткен болатын.

  • 28 Қазан 2015
  • 321
Фото - Caravan.kz

Туған ұлы мен келінін әкімдіктегі жайлы орынға жайғастырған шенеуніктің қылығы қоғамда әлі қызу талқыға түсіп жатыр. Себебі, ұстаздық етіп көрмеген 27 жастағы Максим Чаркинді шенеунік шешесі облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарлығына тағайындатқан. Ал ұлының бұған дейінгі жастар саясаты басқармасындағы лауазымды қызметіне келіні Алуа Қасымова жайғасыпты. Бала-келіннің тектен-тек бастық болмағанынан Ақтөбедегі көзі қарақты тұрғынның кез-келгені хабардар. Жергілікті «нұротандықтар» да мұны мәселе қып көтергенімен, асықпай отырған тек облыс басшылығы. Қоғамдық кеңестің қаулысын күттік деп ақталған әкімдіктегілер тексеруге енді шындап кіріскен. Талай әкіммен істес болып, «мызғымайтын орынбасар» атанып үлгерген Нұрқатоваға қатысты шешімді облыстың жаңа әкімі қабылдауы тиіс. Ал балаларына жұмыста да бүйрегі бұрып тұратын Сара Нұрқатованың өзі қызметтен кеткісі жоқ. 

Соңғы жаңалықтар