Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйі көршілердің кесірінен қирап қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйі көршілердің кесірінен қирап қалуы мүмкін

Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйі көршілердің кесірінен қирап қалуы мүмкін

Ұлы Отан соғысының ардагері құлаған қабырға астында қалуы мүмкін. Алматы облысына қарасты Іле ауданының 87 жастағы тұрғыны Мария Берестенникова іргелес көршісі – заңгерлер кеңсесінің қабырғасы кардоннан тұрғызылған ескі ғимаратқа құрылыс жұмыстарын жүргізгеніне наразы. Айтуынша, көршілерінің кеңсесі жаңарғанмен оның үйі шатырымен қоса құлағалы тұр. Заңгерлердің бұлайша заңсыз әрекетке баруына аудандық құрылыс басқармасы да рұқсат бермегендерін айтады.

  • 2 Тамыз 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz

Ескі болса да, мына бір бөлмелі үй сонау 50-ші жылдардан бері соғыс ардагері, жалғызбасты ана Мария Берестенникованың баспанасы болып келеді. Алайда іргесі заңнан кеңес беретін кеңсеге айналғалы кейуанадан маза қашқан. Аула ортақ болғандықтан үйге кіріп-шығудың қиындағаны аздай, кеңселерін жаңартпақ болған көршілер енді ардагердің үйінің қабырғасын қоса құлатып жатыр.

Мария Берестенникова, зейнеткер:

— Заңгерлер көрші болып келгенде, қуанып едім. Арты бұлай боларын қайдан білейін? Үйімнің қабырғасы құлағанына қарамастан құрылыс жүргізіп жатыр. Өзім қарт адаммын, олармен соттасып жүруге де шамам жоқ. Жасаса жасасын, бірақ менің үйімді бүлдірмесін.

Алайда көрші кеңсе өкілдері: “Ғимараттың жартысы біздікі, сондықтан білгенімізді істейміз” дейді. Ал кейуананың әрекетін оңай ақша өндіріп алудың бір әдісіне балайды.

Бақытжан Есболатова, заңгерлер кеңсесінің өкілі:


— Бұл кісінің негізі сұрап отырғаны – біздің қаражатымызға үйін дұрыстап алу. Оған біз ешқандай да кедергі жасап отырған жоқпыз. 

Дегенмен, аудандық сәулет және құрылыс басқармасындағылар заңгерлердің әрекетін “жөнсіз” дейді. Кезінде өндірістік зертхананың ғимараты болған кешенді құлатуға хақылары жоқ. Оның үстіне тек жалға алып отыр.

Юлия Денисова, Іле аудандық сәулет және құрылыс басқармасының бөлім бастығы:

— Ол жердегі жұмыстар заңсыз жүргізіліп жатыр. Ескерту де жасағанбыз. Бірақ оған көңіл аударып жатқан жоқ Сондықтан істі Облыстық сәулет және құрылыс басқармасына жолдағалы отырмыз. Оны да елемесе, әкімшілік жаза қолданамыз.

Осылайша Мария әжейдің жағдайынан хабардар әкімдік өкілдері мәселені бірнеше күннің ішінде реттеуге уәде етті. Ал заңды өрескел бұзған заңгерлер жақын арада өз әріптестерінің көмегіне мұқтаж боп қалуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар