Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Астана аспанында майдан, армия және әскери-көлік авиациясының 66 ұшу аппараты сап түзейді.
«Әскери ұшқыштар күнделікті жаттығуда тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен көрерменді әуе техникасының үйлесімділігімен, көркемділігімен және күшімен таңғалдыру үшін дайындалып жатыр», — деп жазылған хабарламада.