Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми Франция және Германия СІМ басшылары Жан-Ноэль Барро мен Анналена Бербоктан кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Ұлыбританияға сапары тоқтатылғаннан кейін Украина бойынша келіссөздерге қатыспау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Sky News хабарлады, деп жазады Риа Новости.
Sky News Франция мен Германия сыртқы істер министрлері Рубио мен Уиткоффтың сапарының тоқтатылуына байланысты Лондонға жоспарланған сапарын кейінге қалдыруы мүмкін екенін атап өтті.
«Рубио іс-шараны ұйымдастырушы Лэммиге қоңырау шалып (сапардың тоқтатылғаны туралы – ред.) хабардар етті. Алайда осыдан кейін Лэмми де қатысудан бас тарттты», — делінген телеарна хабарламасында.
Осылайша, бейбіт келіссөздер бұрын болжанған деңгейден төмен деңгейде өтеді, делінген материалда. Осыған қарамастан, Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің басшысы Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сыбихамен әлі де келіссөздер жүргізеді, деп нақтылады телеарна.
Сейсенбі күні Washington Post ақпарат көздеріне сілтеме жасап, АҚШ сәрсенбі күні Лондонда өтетін украиндық қақтығысты реттеуге арналған кездесуде Еуропа елдері мен Украинаға Қырымды Ресей деп тануды ұсынатынын, ал Киев режимінің одақтастары оның орнына Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік алуға үміттенетінін хабарлады.