Ұлыбритания 1-шілдеден бастап елге кіруге құқық беретін визаның құнын 21 процентке қымбаттатады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбритания 1-шілдеден бастап елге кіруге құқық беретін визаның құнын 21 процентке қымбаттатады

Ұлыбритания 1-шілдеден бастап елге кіруге құқық беретін визаның құнын 21 процентке қымбаттатады

Ұлыбританияның Privy Cuincil мемлекеттік мекемесінің шешіміне сәйкес 2005-жылдың 1-шілдесінен бастап елге кіруге құқық беретін визаның құны 21 процентке қымбаттайтын болды. Бұл туралы Біріккен Корольдіктің елшілігінен бүгін, 27-маусымда таратылған хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Маусым 2005
  • 412
Фото - Caravan.kz

Алымдардың бағасын көтеруге осы елдің визасын алу жөніндегі өтініштерді қанағаттандыруға жұмсалатын шығындарға кешенді талдау жасау қорытындысы себепкер болған. Жаңа баға Британияның виза беруші бөлімшелерінің шығынсыз жұмыс істеуіне жағдай жасау және мемлекеттік UK Visas ұйымының шығындарын өтеуге бағытталады.

Орташа есеппен визалық алымдар мөлшері 21 процентке қымбаттайды. Бірақ кейбір виза түрлері үшін алым мөлшері керісінше арзандатылады. Мәселен, халық арасында кеңінен таралған 6 ай мерзіммен берілетін қонақ визасы 36 фунттың орнына 50 фунт тұрмақ. Ал бұдан да ұзақ мерзімге берілетін қонақ визалары, студенттік визалар мен жұмысқа орналасуға құқық беретін визалардың бағасы өзара теңестіріліп, 85 фунт тұратын болды.
Сонымен бірге визалық алым жиналатын категориялар саны 4-ке дейін кемітілді.

Перейти к новостям спорта