Ұлыбритания елшілігі 2012 жылғы Олимпиадаға арналған фотоконкурс өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбритания елшілігі 2012 жылғы Олимпиадаға арналған фотоконкурс өткізеді

Ұлыбритания елшілігі 2012 жылғы Олимпиадаға арналған фотоконкурс өткізеді

Астанадағы Ұлыбритания елшілігі 2012 жылғы Лондонда өтетін Олимпиадаға арналған спорт тақырыбындағы фотоконкурс өткізетінін еске салады.

  • 12 Шiлде 2011
  • 525
Фото - Caravan.kz

«Егер сіз конкурсқа қатысып, SamsungDualView маркалық сандық фотокамера немесе 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының символы бейнеленген тақияның біреуін ұтып алсаңыздар, біз қуанышты болған болар едік», — делінген сейсенбі күні таратылған ақпараттық баянда.

Бұл үшін елшілік мәліметтерінше, «өзіңіз, отбасыңыз, достарыңыздың спорт тақырыбындағы» фотосуретін таңдап алу керек. «Егер сіз Ұлыбританияда барған болсаңыз, сол кез туралы фотосурет құпталады, атап айтқанда, сіз ол жақта спорттық шараларға қатысқан болсаңыз», — делінген хабарда.

Фотосуреттерді ukinkz@fco.gov.ukэлектрондық адреске «фотоконкурс» тақырыбына сілтемелеп жіберуіңізге болады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл ретте фотосуреттер цифрлық форматта болуы, көлемі 100 Kb-тан кем болмауы тиіс. Суреттер 2011 жылдың 30 тамызына дейін қабылданады. Конкурс нәтижесі осы жылғы қыркүйекте жарияланады.

Соңғы жаңалықтар