Жарияланды: 300

Ұлыбритания кезекті алапат су тасқындарына дайындалуда

Ұлыбританияда нөсерлі жаңбырларға байланысты кезекті су тасқындары күтілуде.

Ауыр жағдай әсіресе, Англияның оңтүстік-батысында және Уэльсте болжанады. Бұл туралы Росбалт хабарлады. Билік елдің бірқатар автожолдары істен шығуы мүмкіндігін ескертті. ВВС хабарлағандай, су тасқындары Шотландияда да болуы мүмкін, синоптиктердің бағалауынша, жаңбырлар жексенбі күні де толастамайды. Еске салайық, бір ай бұрын су тасқындары Ұлыбританияның 210 ауданын басып қалды. Бірнеше күн бойы Англияның, Уэльстің және Шотландияның көптеген аймақтарында нөсерлі жаңбырлар тоқтамай жауды. Көптеген жерлерде жолдарды су шайып, темір жол қозғалысы тоқтады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін