Ұлыбритания Премьер-министрі билікте 2020 жылға дейін қалуға ниетті
Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмерон билікте 2020 жылға дейін болуға ниетті. Мұндай мәлімдемені ол Би-би-си арнасында жасады. «Бізде бір орында тұралап қалудан сақтауға қауқарлы реформалардың ауқымды бағдарламасы бар. Сондықтан да мен алдағы сайлауға түсіп, онда жеңіске жетіп, үкіметті басқаруға ниеттімін»,-деді аталған елдің Премьер-министрі. Естеріңізге сала кетейік, Кэмеронның өкілеттілігінің мерзімі 2015 жылы аяқталады. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін