Ұлыбритания Семей полигонын оңалту шарасына атсалысады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбритания Семей полигонын оңалту шарасына атсалысады

Ұлыбритания Семей полигонын оңалту шарасына атсалысады

Еліміз Ұлыбританияның Халықаралық даму жөніндегі министрлігімен бірлесе отырып Семей полигонын оңалту бағдарламасы аясында жаңа жобаны қолға алғалы отыр. Осы жобаны іске қосу мақсатымен Ұлыбританиялық министрліктің ресми өкілдері Астанаға келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Шiлде 2003
  • 506
Фото - Caravan.kz

Бұрынғы полигон аумағында жер пайдалануды тұрақты жолға қоюға бағытталған аталмыш жобаны жасаушы жұмыс тобының алғашқы кездесуі ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өтті.

Жобаның мақсаты — полигон аумағында тұрақты жер тұтыну жүйесін қалыптастыру, жергілікті тұрғындар, өнеркәсіптік топтар мен басшылық мекемелерді Семей полигоны аумағында қауіпсіз әрі тұрақты жер тұтынуды жоспарлауға септігін тигізетін дәлме-дәл әрі нақты ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Жоба аясында табиғи байлықтарды пайдалану процессінің тиімділігі арттырылып, полигон аумағы мен оған шекаралас жатқан өңірлерді басқаруға арналған ұйымдастыру және талдау жұмыстары жүзеге асырылады. Жоба шеңберінде сондай-ақ, жергілікті қоғамдастықтарға қаіп-қатерді ескере отырып сауатты шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ақыл-кеңестер беру де көзделіп отыр.
Жобаны жүзеге асыруға республикалық және жергілікті деңгейдегі билік өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен облыс тұрғындары атсалысады .

Соңғы жаңалықтар