Ұлыбритания сыртқы істер министрі Астанада Ұлыбритания елшілігінің өкілдігін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбритания сыртқы істер министрі Астанада Ұлыбритания елшілігінің өкілдігін ашты

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Астанада Ұлыбритания елшілігінің өкілдігін ашты

Бүгін, 5-ақпанда Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джек Стро Астанада Ұлыбритания елшілігінің өкілдігін ашты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Ақпан 2004
  • 422
Фото - Caravan.kz

Өкілдіктің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Д.Стро кеңсені ашу Ұлыбритания елшілігін Астанаға көшіруге жасалған алғашқы қадам болмақ деп атап көрсетті.

Сондай-ақ, Қазақстанға сапары аясында Джек Стро Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және сыртқы саясат мекемесінің басшысы Қасымжомарт Тоқаевпен кездесті. Екі жақты кездесулер барысында Ұлыбритания-Қазақстан қарым-қатынасы, энергетика саласындағы ынтымақтастық, экономикалық даму, қоршаған ортаны қорғау және қорғаныс саласындағы ықпалдастық тақырыптары талқыланды.
Джек Стро аймақтық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстан ролін жоғары бағалап, еліміздің Иракты қалпына келтіруге қосқан үлесіне ризашылық білдірді.

Соңғы жаңалықтар