Атап айтсақ, Лондонда өткен түнде ұшақтарда лаңкестік әрекетердің сериясын жүзеге асыруға қамданған деген күдікпен 20 адам қолға түсті. Ұсталғандар таяу уақыттарда бірнеше ұшақтың бортына жарылғыш заттарды ала кіріп, оларды Ұлыбритания мен АҚШ қалаларының үстінде жаруға тиіс болған.
Скотланд-Ярдтың операциясының аясында күдіктілерді аңду бірнеше айға созылған. Ал кешегі тұтқындау шарасы қоғамдық қауіпсіздікті ескере отырып іске асырылды. «Бұл аса ауқымды шара. Ол ұзаққа созылады әрі кешенді болады. Біз қандайбір ақпарат мәлім бола сала жария етіп отыратын боламыз»,- делінген Лондон полициясының хабарламасында.