Ұлыбританияда М.Әблязов ісіне қатысты куәгерлерді тыңдау басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбританияда М.Әблязов ісіне қатысты куәгерлерді тыңдау басталды

Ұлыбританияда М.Әблязов ісіне қатысты куәгерлерді тыңдау басталды

Ұлыбританияда Мұхтар Әблязов ісіне қатысты куәгерлерді тыңдау басталды. Бұл жолы Лондон соты «БТА» Банктің шағымы бойынша 6 миллиардтан астам долларды қалтаға басқан қашқын олигархты емес, оның сыбайластарына қатысты эпизодтарды қарастырмақ.

  • 8 Қараша 2012
  • 333
Фото - Caravan.kz


Сотқа банк басшылығының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов және БТА Банктің Мәскеудегі өкілдігінің басшысы Ильдар Хажаев, сондай-ақ банкирлердің ақшалары өткізіліп отырды деп күдіктелген кипрлік Usarel компаниясының өкілдері қатыспақшы. Кеше ғана Англияның апелляциялық соты Мұхтар Әблязовты 22 айға түрмеге жабу туралы шешімді өз күшінде қалдырған болатын. Дегенмен, бұл шешім әзірше қағаз жүзінде ғана. Өйткені, Тұманды альбионнан ақпан айында із суытқан экс-банкирдің қайда екенін әлі күнге ешкім білмейді. 

Соңғы жаңалықтар