Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Көлік қатынасы да тоқтаған. Жергілікті арналардың хабарлауынша, мыңнан астам үй жарықсыз қалған. Қардың қалың түсуіне байланысты Лондонның Стэнстед әуежайындағы ұшу-қону жолағын мамандар тазалап үлгермеген. Сондықтан рейстер кейінге шегерілді. Жүздеген адам діттеген жеріне жете алмай, әуежайда түнеп қалды. Жергілікті синоптиктердің болжамы да көпшіліктің көңілін көншітпеді. Айтуларынша, қарлы боран корольдікте бірнеше күн бойы сақталуы мүмкін.