Ұлыбританияда соңғы 50 жыл ішіндегі ең ұзақ ереуіл өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбританияда соңғы 50 жыл ішіндегі ең ұзақ ереуіл өтіп жатыр

Ұлыбританияда соңғы 50 жыл ішіндегі ең ұзақ ереуіл өтіп жатыр

Ұлыбританияда «Саузерн Рэйлуэй» теміржол компаниясының қызметкерлері бескүндік ереуіл өткізіп жатыр.

  • 9 Тамыз 2016
  • 242
Фото - Caravan.kz

Бұл соңғы жарты ғасыр ішіндегі ең ұзақ наразылық шарасы болғалы тұр. Соның салдарынан мекемеге тиесілі пойыздардың 40 пайызы қызметін уақытша тоқтатты. Оған компания басшылығының жолсеріктерді қысқарту туралы шешімі түрткі болған. Есесіне автоматты түрде жұмыс істейтін пойыздарды рет-ретімен іске қосу жоспарланып отыр. Ереуілшілердің айтуынша, бұл жағдайда бар ауыртпалық машиниске жүктеледі. Өйткені пойыз есігі соның кабинасынан ашып-жабылады. Оның үстіне жаңа шешім көліктегі қауіпсіздік деңгейін төмендетеді деген пікір де айтылып қалып жатыр. Енді соңғы өзгерістердің күшімен 300-ге жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін. 

— Соңғы уақытта «Саузерн Рэйлуэй» компаниясындағы жағдай түсініксіз болып тұр. Сапарларды кейінге шегеру жиілеп кетті. Меніңше, олар көрсетілген қызмет сапасына қарай билеттердің бағасын арзандатуы керек. Өйткені адам көп. Діттеген жерімізге жете алмай, әлекке түсіп жатамыз, дейді жолаушы.


— Компания басшылығы бұл мәселені шешу керек. Олар біздің уақытымызды сыйламайды. Оның үстіне экономикаға да кері әсері тиіп жатқаны анық, деді жолаушы.