Ұлыбританияда жыл сайын мыңға тарта қазақстандық студент оқиды
Ұлыбританияда жыл сайын мыңға тарта қазақстандық студент білім алады. Бұл туралы Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы елшісі Дэвид Моран мәлім етті. |
«Мен Қазақстан мен біздің ара-қатынасымыздың жарқын көрінісі - Ұлыбританияда оқып жатқан қазақстандық студенттердің саны деп ойлаймын. Менің білуімше президенттік «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқитын студенттердің жартысына жуығы Ұлыбританияда оқиды. Ал олар мыңнан асады», - деді Д. Морган дүйсенбі күні Бішкектегі баспасөз мәслихатында.
Елші британ-қазақстан ынтымақтастығы «өте терең және барлық деңгейде де тұрақты» деп атап өтті.
«Екі ірі британдық инвесторлар – Shellмен BritishGasҚазақстанда жұмыс істейді. Одан басқа республикада жүзден астам ұсақ компания жұмыс істейді. Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері Ұлыбританияның Қазақстанға салған инвестициясы шетелдіктермен жалпы салынған инвестицияның 14%-ын құрайды», - деді дипломат.
Елші екі елдің саяси ынтымақтастығына да тоқталып өтті.
«Бізде өте тамаша саяси қарым-қатынас бар. Былтыр желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммитінде Ұлыбританияның премьер-министрінің орынбасары қатысты – ол біздің елдің саяси тұлғаларының арасындағы ең биік өкіл ретінде қатысты».
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін