Ұлыбританияда жыл сайын мыңға тарта қазақстандық студент оқиды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбританияда жыл сайын мыңға тарта қазақстандық студент оқиды

Ұлыбританияда жыл сайын мыңға тарта қазақстандық студент оқиды

Ұлыбританияда жыл сайын мыңға тарта қазақстандық студент білім алады. Бұл туралы Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы елшісі Дэвид Моран мәлім етті.

  • 6 Маусым 2011
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Мен Қазақстан мен біздің ара-қатынасымыздың жарқын көрінісі — Ұлыбританияда оқып жатқан қазақстандық студенттердің саны деп ойлаймын. Менің білуімше президенттік «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқитын студенттердің жартысына жуығы Ұлыбританияда оқиды. Ал олар мыңнан асады», — деді Д. Морган дүйсенбі күні Бішкектегі баспасөз мәслихатында.

Елші британ-қазақстан ынтымақтастығы «өте терең және барлық деңгейде де тұрақты» деп атап өтті.

«Екі ірі британдық инвесторлар – Shellмен BritishGasҚазақстанда жұмыс істейді. Одан басқа республикада жүзден астам ұсақ компания жұмыс істейді. Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері Ұлыбританияның Қазақстанға салған инвестициясы шетелдіктермен жалпы салынған инвестицияның 14%-ын құрайды», — деді дипломат.

Елші екі елдің саяси ынтымақтастығына да тоқталып өтті.

«Бізде өте тамаша саяси қарым-қатынас бар. Былтыр желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммитінде Ұлыбританияның премьер-министрінің орынбасары қатысты – ол біздің елдің саяси тұлғаларының арасындағы ең биік өкіл ретінде қатысты».

Соңғы жаңалықтар