Елде төтенше жағдай жарияланды. Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды 24.kz.
Үйлер мен ғимараттар топан су астында қалды. Соңғы тәулікте елдің бірнеше ауданында су деңгейі 4 см-ге көтерілді. Үрейленген жергілікті тұрғындар кез келген уақытта өз үйлерін тастап кетуге дайын отыр. Айта кетейік, табиғат апаты Американың бірнеше штаттары мен оңтүстік Еуропада да тіркелді. Қалың қар америкалықтарды әбден әбігерге салды.