Жарияланды: 330

Ұлыбританиядағы су тасқыны елдің үрейін ұшырды

Ұлыбританияның оңтүстігінде бірнеше күн жауған толассыз нөсер соңы тасқынға ұласты.

Елде төтенше жағдай жарияланды. Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды 24.kz. Үйлер мен ғимараттар топан су астында қалды. Соңғы тәулікте елдің бірнеше ауданында су деңгейі 4 см-ге көтерілді. Үрейленген жергілікті тұрғындар кез келген уақытта өз үйлерін тастап кетуге дайын отыр. Айта кетейік, табиғат апаты Американың бірнеше штаттары мен оңтүстік Еуропада да тіркелді. Қалың қар америкалықтарды әбден әбігерге салды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін