Ұлыбританияның арнаулы өкілі, Йорк герцогы ресми сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбританияның арнаулы өкілі, Йорк герцогы ресми сапармен Қазақстанға келеді

Ұлыбританияның арнаулы өкілі, Йорк герцогы ресми сапармен Қазақстанға келеді

24-қыркүйекте Ұлыбританияның сауда және индустрия мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі, Йорк герцогы ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 22-қыркүйекте Ұлыбритания елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Қыркүйек 2003
  • 397
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, сапар аясында ханзада Эндрю Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесіп, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екі жақсы қарым-қатынаста айрықша маңызға ие бірқатар шараға қатысады. Герцог сапары барысында екі ел арасындағы сауда-саттық және инвестиция саласындағы, соның ішінде мұнайгаз секторындағы ынтымақтастық аясын кеңейту, екі жақты байланыстарды дамыту, білім беру саласындағы қарым-қатынасты нығайту мәселелері әңгімеге басты арқау болмақ.

Ресми сапар барысында Йорк герцогы Атырау, Астана және Алматы қалаларына ат басын тірейді. Атырауда Ұлыбританиялық компанияларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатымен Біріккен корольдықтың сауда өкілдігі ашылады. Сондай-ақ мұнда герцог облыс басшылығымен және осы өңірде жұмыс істейтін ірі компаниялардың өкілдерімен кездеседі.
Астанада мәртебелі меймен ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьникпен, «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалинмен жүздеспекші. Елордасында Ұлыбритания герцогы осы елдің Shell, BG және BP компаниялары қаржыландыруымен жүзеге асырылған Қазақстан-Ұлыбритания бірлескен жобасы бойынша әзірленген Қазақстандағы тастанды газдар туралы есеп-баяндаманың тұсаукесеріне қатысады.
Ал Алматыда ханзада қала әкімі Виктор Храпуновпен кездесіп, Британдық кеңесте болып, Қазақстан-Ұлыбритания бірлескен техникалық университеті студенттерінің алдында сөз сөйлейді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар