Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі таныстық мақсатындағы сапармен Қарағандыда жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі таныстық мақсатындағы сапармен Қарағандыда жүр

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі таныстық мақсатындағы сапармен Қарағандыда жүр

Ұлыбританияның Қазақстан және Қырғызстандағы елшісі Джеймс Шарп таныстық мақсатындағы сапармен Қарағандыда жүр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Мамыр 2004
  • 369
Фото - Caravan.kz

13- мамыр күні таңертең дипломат Қарағандыдағы көптеген экологиялық бағдарламалардың бастамашысы болып табылатын №5 мектепте болды. Елшімен кездесу үшін мектепте «Экологиялық білім» жобасына қатысушылар жиналды. Джеймс Шарп мектепке ЭКОмектеп деген атына лайық жасыл ту сыйлады. Бұдан кейін елші Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде болып, білім ошағының оқытушылары және студентерімен жүздесті.

Елші сапарының бағдарламасында сондай-ақ, облыстық бейнелеу өнері мұражайында ашылған Ұлыбританияның «Сиқырлы қарындаш» атты кітап безендіру көрмесін аралау көзделген. Елші Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және білім беру мәселесін жауаптанған орынбасары Ералы Тоғжановпен кездеседі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар