Ұлыбританияның қорғаныс зерттеулері колледжінің тыңдаушылар тобы елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлыбританияның қорғаныс зерттеулері колледжінің тыңдаушылар тобы елімізге келеді

Ұлыбританияның қорғаныс зерттеулері колледжінің тыңдаушылар тобы елімізге келеді

Ұлыбританияның қорғаныс зерттеулері колледжінің тыңдаушылар тобы елімізге келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2004
  • 488
Фото - Caravan.kz

Ұлыбритания, Катар, Сауд Арабиясы, Қытай, АҚШ , Жапония, Сирия, Германия және Перу Қарулы күштерінің өкілдерінен тұратын топ сондай-ақ Польша, Ресей және Грузияға баруды жоспарлаған. Топ Қазақстанда қыркүйектің 25 мен 1-қазаны аралығында аялдайды.

Қазақстанға сапары барысында олар ҚР Қарулы күштерінің құрылымымен және олардың мақсат-міндеттерімен, сондай-ақ, елдің саяси және экономикалық даму жағдаймен, тарихы және мәдениетімен танысуды мақсат тұтып отыр.
Алматы қаласының әкімі Виктор Храпуновпен және Қарағанды қаласының әкімі Юрий Литвиновпен кездесулер жоспарланған. Бұған қоса тыңдаушылар үшін ҚР СІМ мен қорғаныс министрліктерінде брифингтер өткізіледі.
15-қыркүйекте Лондондағы ҚР елшілігінде колледж тыңдаушылары үшін брифинг ұйымдастырылды. Кездесуде осы елдегі Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысов тыңдаушыларға Қазақстанның экономикалық даму көрсеткіштері, ел ішіндегі саяси ахуал, Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан мен оның мемлекет басшысы атқаратын роль, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес идеясының жүзеге асырылуы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарт ұйымы мен Солтүстік Атлантикалық Альянстың «Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» бағдарламасы аясындағы ықпалдастық туралы әңгімелеп берді.
Е.Ыдырысов Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бойлай қалыптасқан ахуалға қысқаша баға бере отырып, соның ішінде көп мөлшерде инвестиция жұмсалған Каспий өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызына тоқталды.
Сондай-ақ, Е.Ыдырысов ҚР Қарулы күштерінде жүзеге асырылып жатқан реформалардың мәнісіне назар аударып, елімізбен ниеттес мемлекеттер тарапынан әскери салаға қолдау көрсетіледі дегенге сенім білдірді.

Перейти к новостям спорта