Ұлыдержавалық ұлтшылдық , кейбір саясаткерлердің кеудемсоқтығы мен ақымақтығы тәрізді факторлар интеграциялану жолына тосқауыл болуда - Путин - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Ұлыдержавалық ұлтшылдық , кейбір саясаткерлердің кеудемсоқтығы мен ақымақтығы тәрізді факторлар интеграциялану жолына тосқауыл болуда - Путин

Ұлыдержавалық ұлтшылдық , кейбір саясаткерлердің кеудемсоқтығы мен ақымақтығы тәрізді факторлар интеграциялану жолына тосқауыл болуда - Путин

Ресей президентінің пайымдауынша, интеграциялану жолына тосқауыл болатын факторлар - ұлыдержавалық шовинизм, ұлтшылдық, кейбір саясаткерлердің кеудемсоқтығы мен ақымақтығы болмақ. Бұл туралы ол бүгін, 18-маусымда Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Университетінде өтіп жатқан "Еуразиялық интеграция: қазіргі даму ағымдары мен жаҺандану қауіптері" тақырыбына арналған халықаралық конференцияда мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Маусым 2004
  • 1132
Фото - Caravan.kz

Форум тақырыптарына тоқталған В.Путин интеграцияға кедергі келтіретін проблемаларға арналған секция жұмысын ерекше атады. «Егер маған осы секцияның жұмысына қатысуға мүмкіндік берілсе, онда мен проблеманы былайша қысқа қайырар едім. Интеграцияға кедергі факторлар — ұлыдержавалық шовинизм, ұлтшылдық, саяси шешімдер шығаруға құзыры бар кейбір саясаткерлердің кеудемсоқтығы мен қарапайым ақымақтық дер едім»,- деді ол.

«Бірақ сіз бен біз ақылды адамдармыз. Сол себепті бүгінгі пікір алмасуды «Барлық елдердің данагөйлері бірігіңдер!» деген ұранмен аяқтауға мұрсат беріңіздер»,- деді В.Путин.