Ұлым "әке, мен қатты қиналып кеттім, анашыма қайта үйленіңізші" деді - актер Мансұр Серіков - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлым "әке, мен қатты қиналып кеттім, анашыма қайта үйленіңізші" деді - актер Мансұр Серіков

Ұлым "әке, мен қатты қиналып кеттім, анашыма қайта үйленіңізші" деді - актер Мансұр Серіков

Актер Мансұр Серіков алғашқы жары туралы, алғашқы әйелінен балалары туралы сұхбат беріп, ұлының айтқан сөзімен бөлісті.

  • 2 Сәуiр
  • 87
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Urpaq» подкастына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа поралы.

«Ұлым «әкешім, анашым қайта үйленіңізші» деді. Мат болды маған, сол жерде жүрегім тоқтап қалды. Жасым бұрқ ете қалды. Ол кезде ұлымның олай айтатынын ойлаған жоқпын. Телефонмен сөйлесіп келе жатырмыз, ішіндегі нәрсесін бұрқ етіп айтты. Не айтарымды білмей қалдым. Сөйлей алмай қалдым. Миым да, денем де барлық жерім тоқтап қалды. Не айтарымды білмей қалдым. «Әке, мен қатты қиналып кетітм анашыма қайта үйленіңізші» деді. Екі жаққа кеткеннен кейін олар екі жыл нағашыларының қолында болды. Екі жылдай бара алмадым, көре алмадым. Телефонмен хабарласып тұрдым, бірақ баратындай мүмкіндік болған жоқ. Сол аралықтан кейін Алматыға келді, бұл сол кезде айтқаны», — деді актер Мансұр Серіков.

Актер Мансұр Серіков көпшілік қауымға «5:32» веб сериалы арқылы танымал. Әкесі — танымал актер Әбунасыр Серіков.