“Ұлым буындырып өлтірмекші”: Түркістан облысында тағы бір ер адам қарт әкесіне қол жұмсаған - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ұлым буындырып өлтірмекші”: Түркістан облысында тағы бір ер адам қарт әкесіне қол жұмсаған

“Ұлым буындырып өлтірмекші”: Түркістан облысында тағы бір ер адам қарт әкесіне қол жұмсаған

Түркістан облысы Жетісай ауданының қарт тұрғыны өзінің ұлынан құтқаруды сұрады

  • 23 Желтоқсан
  • 4
Azattyq ruhy

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Айтуынша, ұлы оны қылқындырып өлтірмек болған.

«Мен алпыстан асқан шалмын, маған жәрдемдесіңіздер. Мені балам өлтірмекші болды. Үлкен балам кеше кешке қарай мені буындырып тастағысы келді. Екі сағат алыстым. Мен заңды түсінбеймін. Полиция шақырсам, жарты сағаттан кейін келді. Әрең дегенде құтылып, екінші рет өмірге келгендей болдым. Бұл тағдыр шығар. Не деп айтарымды да білмеймін», — деді қария.

Қарттың бейнеүндеуі әлеуметтік желіде тез тарады. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі «Ұрып-соғу» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ қарттың ересек ұлы бұрын да заң бұзған болып шықты.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің «отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер» бабы бойынша жауапкершілікке тартылған», — деді ведомстводан.

Сондай-ақ іс сотқа жолданған, қорғау нұсқамасы шығарылған. Құқық бұзушы емделуге уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілген.

Бұған дейін Түркістан облысында ер адам қарт әкесін аяусыз ұрып-соғып, өлімші етіп сабаған еді. Кейін қария соққыны көтере алмай қаза тапты.

Перейти к новостям спорта