”Ұлымды аңдыды, артынан қалмады”: Шәріп Серіктің анасы ұлын ақтап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.16
  • 588.48
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Ұлымды аңдыды, артынан қалмады”: Шәріп Серіктің анасы ұлын ақтап шықты

”Ұлымды аңдыды, артынан қалмады”: Шәріп Серіктің анасы ұлын ақтап шықты

“Сүйіктісін ұрды” деп айыпталған Шәріп Серіктің анасы адвокат Гүлнар Мұратқызы ұлын ақтап жазба жариялады.

  • 8 Сәуiр
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ол өзінің арам пиғылын алдын ала жоспарлады, ойластырды. Менің ұлым онымен ара қатынасын әлдеқашан үзсе де ұлымды аңдыды. Артынан қалмады, үйін күзетіп жүрді. Ақырында 8 ақпан күні сол жоспарын іске асырды. Менің ұйықтап жатқан ұлымның пәтеріне қандай мақсатпен, қалай кірді? Ол 8-ші ақпан күні арам-пиғылын жоспарын іске асырып, лифтідегі видеожазбаны ол үйде тұрмаса да заңсыз қолына алды”, — деп жазды анасы.

Сондай-ақ екі ай бойы не себепті арыз жазбағанын түсіне алмағанын жазған.

”Бетіне шапалақ тисе неліктен сол уақытта, яғни 8 ақпан күні полиция шақырмады, экспертиза жасатпады, арызданбады?! Неге 2 ай өткеннен кейін, яғни 4 сәуір күні қандай мақсатпен полиция бөліміне менің ұлымды қаралап арызданды? Неліктен полиция бөлімінде қасындағылар “осылай айт” деп балама видео жазуға мәжбүрледі?”, — деп жазды Гүлнар Мұратқызы.

Жазба кезінде адвокпт сүйіктісі Серік Шәріпті пайдаланып келгенін жазды.

”Ол 2 жыл бойы ұлымды пайдаланды. Оның нақты жұмысы жоқ. Шетелге қандай қаражатпен барып, әдемі киім киіп жүр? Ол әрдайым өз сөзінде елге “танымал” болғысы келетінін жиі айтатын. Арманына жетті, танымал болды. Инстаграмына оқырман жинап алды. Ел жұртқа “жалған айтып” жала жауып ұлымды қаралады. Барлығы бір Аллаға аян! Бәрі де ұмытылады. Бірақ бір Аллам ұмытпайды. Ол жазасыз қалмайды. Оны құдіретті күшті Алла жазасын беріп жазалайды. Біреуге ор қазба, сол орға өзің түсерсің деген”, — деп жазды Серік Шәріптің анасы.