”Ұлымды бетінен атып өлтірді”: Маңғыстау полигонында көз жұмған сарбаздың әкесі министрге үндеу жолдады (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Ұлымды бетінен атып өлтірді”: Маңғыстау полигонында көз жұмған сарбаздың әкесі министрге үндеу жолдады (видео)

”Ұлымды бетінен атып өлтірді”: Маңғыстау полигонында көз жұмған сарбаздың әкесі министрге үндеу жолдады (видео)

Маңғыстаудағы полигонда оқ тиіп көз жұмған сарбаздың әкесі бейнеүндеу жасап, қорғаныс министрінен істі толыққанды тергеуді сұрады.

  • 9 Қыркүйек
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның әкесінің сөзінше, қайғылы жағдай лейтинант қарумен ойнап отырғанда болған. Сол кезде абайсызда тапанша атылып кетіп, оқ сарбаздың бетіне тиген. 

«Ақтауға бара жатырмын. Ұлымды бетінен атып өлтірді. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Бұл абайсызда болмайды. Қазір ол қамауда дейді», – деді ер адам. 

Әкесі істің бұрмаланып кетуінен қорқатынын жеткізді. Сондықтан министрден істі жеке бақылауына алып, шындықтың ашылуына көмектесуін сұрады. 

«Барлығын толыққанды зерттесе деймін. Қазір Ақтау қалалық тергеу комитетіне барамын. Әрі қарай ұлымның мәйітіне сараптама жасалатын орынға баруым керек», – деп қосты ол.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде сарбаздың көз жұмғаны туралы хабарлаған едік. Ақпаратқа сәйкес, 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Салдарынан оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген.