"Ұлын қажет етпеген еркектің артынан жүгіріп қоймайды, намыс қайда, ұялсайшы": Гүлмира Әбіқай Нұрдәулет Қилыбайдан алимент талап еткен әйел туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлын қажет етпеген еркектің артынан жүгіріп қоймайды, намыс қайда, ұялсайшы": Гүлмира Әбіқай Нұрдәулет Қилыбайдан алимент талап еткен әйел туралы

"Ұлын қажет етпеген еркектің артынан жүгіріп қоймайды, намыс қайда, ұялсайшы": Гүлмира Әбіқай Нұрдәулет Қилыбайдан алимент талап еткен әйел туралы

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Маңғыстау облысы әкімінен ұлым бар деген әйелге қатысты өз ойын білдірді.

  • 8 Қыркүйек
  • 34
Instagram/Гүлмира Әбіқай

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Белгілі болғандай әйел адам өзінің желідегі парақшасында жазба қалдырған.

«Адам кейде өз тағдырын өзі құлатады екен. Қолында барды қадірлемей, жанындағы жандарды бағаламай, өткінші мансапқа алданып, мәңгілік байлықтан – жақындарынан айырылады. Ол да солай жасады. Балаға әке бола алмады, бізге қорған бола алмады…

Менің жүрегімде қасірет бар. Себебі бала әкесін көрмей өседі. Әке деген аттан айырылған жанды аяймын да, кінәлаймын да. Өмірдің ең қымбат сыйын, баласын шеттетіп алды.

Ол енді менің санамда да өмірімде де мәңгі бос орын болып қалады. Ол орынды ешкім толтыра алмайды. Әке деген аттың, сүйіспеншілік пен үміттің орны бос қалды. Бала үшін ол әрқашан бейне ғана болады – алыстағы, қол жетпес әке бейнесі. Қош», — деп жазды ол.

Журналист аталған жазбаның астында өз пікірін қалдырған.

«Уһ! Бітті ма енді бұл тақырып? Дорама сияқты бітпей қойды ғой! Ұлын қажет етпеген еркектің артынан жүгіріп қоймады ғой мына әйел! Намыс қайда, ұялсайшы!», — деп жазды ол.

Перейти к новостям спорта