Ашуды ақылға жеңдіріп, кешірімділік танытудың нәпсіге де тым ауыр келетіні өтірік емес, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі muslim.kz-ке сілтеме жасап.
Дегенмен, тағдыр жазуына төзімділік танытып, ұлын өлтірген қылмыскерге кешіріммен қарай білген жандар аз емес. Сондай жандардың бірі Рабиа әл-Дусари ұлының қазасына кінәлі Файсал әл-Амери қасиетті Құран кәрімді толығымен жаттап шықса, кешірім беретініне уәде берді.
Қайғыдан қан жылаған қария бұл қадамға Шығыс провинциясының түзету жөніндегі Жоғарғы комитет өкілдерімен сұхбаттасқаннан кейін барған көрінеді. Бірақ, ол берілетін материалдық өтемақыдан бас тартып, өз шартын қойған: қылмыскер түрмеде отырған кезінде Құран Кәрімді толығымен жаттап шықса, басына азаттық алады.