Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол жаңа жазбасында ерлер мен әйелдердің қоғамдағы орнына тоқталып, көпшілікке үндеу жасады.
«Әйел. Көп жағдайдың бәріне көзін жұмып, жан жағына құтқарушының рөлін алады, кем болғанынан емес, жүрегі кең.
Сонда да оған қарсы сөйлеп, әйелден кемшілік іздейтін қаншама надан 46 хромосомадан пайда болған МҒҚ- лар бар. Ол отбасынын берекесін қорғайды, бала туады, кірін жуады, тамағын істейді, сабағын оқытады, ақша да табады, кейде арманынан бас тартады. Сонда да аузы нашар сөзге толған біздің кейбір патриоттарымыз жерден алып жерге салады.
Қызыңа ие бол емес. Ұлыңды тәрбиеле айналайын. Бәріне айтылған емес, бірақ 79% адамдарға айтылған сөз. Бақытты адам әйелге қарап өз тағдырынан шығарған трейлерді басына баспайды. Сондықтан, адам болу қасиетін ешкім алып тастаған жоқ. Әр адам бірінші өзінің Highe vibrations эрасын жөндесін, сонда ақыл айтатын уақыты да болмайды, егер әрине 9 жаны бар мысық болмаса», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары блогердің бұл пікірін қызу талқылауда.
«Құрметті ата-аналар қазіргі заманда тәрбиеге тең қарау керек.Ұлды еркелетіп,қызға қатал болмай! Ұлдарға қыз нәзік жан,оны сүйіп,аялап бағалау керек деңіздер», «Ерекше ой», «Әрдайым осындай батыл әрі ерекше пікір айтасыз, керемет», «Идея, ойды жеткізе білу жоғары деңгейде», — деп жазды олар.