Бұл туралы "Ел аузында" бағдарламасы хабарлайды.
— Тойдың әндерінен ығырым шығып кетті шынымды айтсам, кілең той, творчество қалып бара жатыр. Қайда жүрсем де отыратыным бір студия, бір жер. Сондықтан жаңа бір жағынан көрейін деп, жаңалық керек болды да ауысып кеттім. Жаңалық болғанда сіздер үшін емес, өзім үшін. Ол жаққа барып тағы да бір ашылайын деген оймен көшіп кеттім.
Той әндері кімді де болса, шаршатты. Сондықтан, бұрынғы өнер ордасы, қазіргі той ордасы Алматыдан осылай қашып кетті.
Аранжировкасы мен айтып жатайын, сен айт, кім, қандай әнші айтпасы бір аранжировка, сонымен тек сөздері бөлек болмаса, әндері бірдей сияқты бәрінің. Шатасасың. Себебі, ол орыстардың частушкасы дейді сондай нәрсе, сондықтан оны тойдың әні деп атайды. Ондай әндер біздің музыкадағы деңгейімізді өте түсіріп жіберді. Ондай әншілер екінің бірі орындайтын болғаннан кейін, әрбір қазақтың баласы орындай береді. Орындағаннан кейін, өздерінше жұлдыз деп есептеледі. Ондай, болмайды ғой, — деп сөзін аяқтады Жолдасов.