Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады

Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады

Жезқазған қаласында 1 тамыздан бастап, аутистикалық спектрдегі бұзылыстары бар балаларды қолдау орталығы (autism) КММ өз жұмысын бастады

  • 6 Тамыз
  • 5
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа орталық жылына 100 баланы қамтуға мүмкіндік береді, ал балалармен 8 клиникалық педагог, Болат Өтемұратұлы қорының Асыл Мирас орталығынан арнаулы оқыту, әдістемелік курсынан өткен мамандар жұмыс істейді.

Орталықта ҚР Оқу-ағарту министрлігі тұжырымдамасы бойынша 6 кабинет жұмыс істейді. Олар ерте қолдау кабинеті, оқыту дағдыларын дамыту, әлеуметтік және сөйлеу дағдыларын дамыту, өмірлік дағдыларды дамыту, ата-аналарды қолдау мен сенсорлы, ойын бөлмелері жабдықталған.

Аутизм орталығына ПМПК қорытындысы бойынша «Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы» мен «Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің қиындықтары» бар балалар қабылданады.

Орталық Жезқазған қаласы Сәтбаев көшесі 62 мекенжайындағы ғимараттың 2-қабатында орналасқан.

Перейти к новостям спорта