Ұлытау облысында "Қазақмыс" кенішінен ер адамның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлытау облысында "Қазақмыс" кенішінен ер адамның мәйіті табылды

Ұлытау облысында "Қазақмыс" кенішінен ер адамның мәйіті табылды


"Қазақмыс" корпорациясының кеніштерінің бірінде пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

  • 18 Қараша 2022
  • 34
Фото - Caravan.kz

Мәйіт "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішінен табылды. Марқұм Өскеменнен іс-сапарға жіберілген Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінің қызметкері болған. "Жомарт" кеніші Жезқазғаннан 300 км қашықтықта орналасқан.

"17 қарашада "Қазақмыс" корпорациясы кенішінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Бұл факт ҚР ҚК "Кісі өлтіру" 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген


Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", — деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.