Жарияланды: 530

Үміткерлердің әрқайсысына 477 мың теңгеден қаржы бөлінеді

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін сенат депутаттығынан үміткерлердің әр қайсысына 477 мың теңгеден қаржы бөлінеді. Бұл туралы бейсенбі күні Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.

«Алдыңғы, 2008 жылғы сайлауда бөлінген қаржы мөлшері айтарлықтай төмен болатын. Егер қазір әр кандидатқа 477 мың теңге бөлінсе, 2008 жылы 250 мың 145 теңге берілді. Яғни, ол екі есе артып отыр», - деді ол ОСК отырысында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін