«Ұнамаса квартираңа бар да жат»: Жер сілкінісі кезінде такси құнын 30 мыңға қымбаттатқан таксистерге ән арнаған ақындар желіні жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ұнамаса квартираңа бар да жат»: Жер сілкінісі кезінде такси құнын 30 мыңға қымбаттатқан таксистерге ән арнаған ақындар желіні жарды

«Ұнамаса квартираңа бар да жат»: Жер сілкінісі кезінде такси құнын 30 мыңға қымбаттатқан таксистерге ән арнаған ақындар желіні жарды

Танымал айтыскер ақындар Сырым Әуезхан мен Жандарбек Бұлғақов желіде жер сілкінісі кезінде такси құнын 30 мыңға қымбаттатып жіберген таксистерге қатысты әзіл-шыны аралас өлеңді жария етті.

  • 26 Қаңтар
  • 787
Фото - Caravan.kz

Көпшілік ақындардың сыни әнін қолдау көрсетіп, мақтауларын жаудырған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Әзіл-шыныа аралас "хит" ән бірден көпшіліктің көңілін жаулап алды. Танымал "Мен қазақпын" әніне жазылған өлең шумақтарынан таксистердің сол кездегі әрекеті сынға алынған. 

«Таксист болып тумағанда не етем ем, саясатты көп сынаймын өте мен. Жер сілкініп, жұрт қырылып жатқанда, ставкамды 30 мыңға көтерем. Мен таксистпын, мен тыңдайтын ән ғажап, Өзім білем, ақылыңды нанға жақ. Ұзынағашқа менің бағам 30 мың, Ұнамаса квартираңа бар да жат. Сен таксиссың ставкаң, тым ғажап, сүйегіме таңба болды бұл мазақ. Далада қап қойған кезде мың қазақ, мейірімді бола алмады-ау бір қазақ», — деп жазылған әнде. 

Желі қолданушылары бірден әнге қолдау көрсетіп, жылы тілектерін жаудырған. 

"Жарайсыздар, осы екі ақын соңғы кезде осындай хит әндерді көп шығарып жүр, шындықты бетке айтады, сонысына ризамын", "Сөздері дәл айтылған, ақын десе ақын екен екеуі де", "Мықтысыздар жігіттер, өркендерің өсе берсін" деп жазды олар.