Үндінің әйгілі музыканты Рави Шанкар дүние салды
![]() |
Үндінің әйгілі музыканты және сазгері Рави Шанкар 92 жасында америкалық ауруханада көз жұмды, |
деп бүгін Би-би-си телерадиокорпорациясы мәлімдеді.
Осыдан бір апта бұрын ол тыныс алуы қиындап Сан-Диего қаласының ауруханасына түскен. Жұртшылық Р.Шанкардың арқасында бүкіл әлем үндінің музыкасын танып, ынтық болғанын айтады.
Бұған көбінесе музыканттың «Битлз» және «Роллинг Стоунз» топтарымен тығыз ынтымақтастығы ықпал етті. Ол 1969 жылы «Вудсток» әйгілі фестивалінде өнер көрсетті. Дж. Харрисон Р.Шанкарды әлемдік музыканың өкіл әкесі деп атады.
Оның өнері көптеген наградалар мен құрметті атақтармен атап өтілді. Олардың қатарында үш «Грэмми» сыйлығы, 14 құрметті доктор титулы, Жапонияның Императорлық сыйлығы бар.
1999 жылы Р.Шанкар Үндістанның ең беделді наградасы Bharat Ratna немесе "Үндістан қазынасына" ие болды.
Р.Шанкардың әлемдік карьерасы әлемдегі ең ұзақ ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Р.Шанкар 2013 жылғы "Грэмми" сыйлығына ұсынылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін