Үндістан, Иран елдерінің мұрағаттарынан қазақ хандарының хаттары табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістан, Иран елдерінің мұрағаттарынан қазақ хандарының хаттары табылды

Үндістан, Иран елдерінің мұрағаттарынан қазақ хандарының хаттары табылды

 «Қазақ хандары мен шығыс билеушілерінің арасында парсы тілінде хат алмасулар болған. Оны Үндістан мен Иран мұрағаттарынан табылған сирек қолжазбалар растайды», деп жазады e-islam.kz.

  • 23 Мамыр 2014
  • 471
Фото - Caravan.kz


Нақтысын айтқанда, "Тәуке хан, Қасымхан хан, Жалаңтөс Бахадүр жайлы бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген, айтылмаған дерек-құжаттардың көшірмелері қазақ жерінде бір кезде дипломатиялық байланыстардың жоғары деңгейде дамығанын дәлелдейді", — дейді Алматыдағы Шығыстану институтының қызметкері Ғалия Қамбарбекова.

"Мұнша аттың ішінен Тавакул хан дегенді кездестіріп қалдым. Тарихтың түп тамырына үңілу үшін жан-жақты зерттей бастадым. Нәтижесінде, Тавакул хан «қазақ» дегенді білдіретініне көзім жетті", — дейді ол.

Осы жайлы хабар таратқан "Алматы" телеарнасы аталған құжаттардың Үндістан, Иран елдерінің мұрағаттарында сақталғанын алға тартады. Енді зерттеушілер көне жазуларды арнайы маманның көмегіне жүгіне отырып аударуды көздеп отыр.

Перейти к новостям спорта