Үндістан, Малайзия және Индонезиядағы жер сілкінісі мен цунамиден қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістан, Малайзия және Индонезиядағы жер сілкінісі мен цунамиден қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ

Үндістан, Малайзия және Индонезиядағы жер сілкінісі мен цунамиден қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - ҚР СІМ

Қазақстан Республикасының Үндістан, Малайзия және Индонезиядағы дипломатиялық өкілдіктерінің ақпаратына сәйкес, 29-желтоқсандағы кешкі жағдаймен жер сілкінісі мен цунамиден қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

  • 30 Желтоқсан 2004
  • 537
Фото - Caravan.kz

Таиланд Корольдігінің Пхукет аралында қазір жеңіл және орташа ауыр жарақаттанған еліміздің үш азаматы ауруханада жатыр. Табиғи апат кезінде аралда болған үш азамат туралы әлі де хабар-ошар жоқ.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін, 30-желтоқсан күні түнде Бангкоктан ұшып шыққан «Эйр-Астана» әуе компаниясының ұшағы Алматы әуежайына келіп қонды. Ұшақпен келген 35 адамның 25-і Оңтүстік-Шығыс Азиядағы апат аймағынан елге оралған Қазақстан азаматтары.
Сөйтіп, 28, 29 және 30-желтоқсандағы үш рейспен Бангкоктан Алматыға 87 Қазақстан азаматы, соның ішінде Пхукет аралынан 7 адам елге оралды.
ҚР СІМ республика азаматтарына табиғат апатынан зардап шеккен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде жұқпалы аурулардың белең алу қаупіне және жер асты дүмпулерінің қайталану мүмкіндігіне байланысты бұл өңірге сапарға шықпауға кеңес береді.
Астанадағы шұғыл телефон нөмірлері 8-3172-32-75-46, Алматыдағы 83272 70-30-97, Бангкоктағы 8-10-662-234-63-65.

Перейти к новостям спорта