Үндістан мемлекеті Қазақстан жастарына 20 грант бөлді - Қазақстан Республикасындағы Үндістанның төтенше және өкілетті елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістан мемлекеті Қазақстан жастарына 20 грант бөлді - Қазақстан Республикасындағы Үндістанның төтенше және өкілетті елшісі

Үндістан мемлекеті Қазақстан жастарына 20 грант бөлді - Қазақстан Республикасындағы Үндістанның төтенше және өкілетті елшісі

"Үндістанда білім алуға тілек білдірген Қазақстан жастарына 20 грант бөлінді. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп тәрізді түрлі экономикалық салаларда еңбектеніп жүрген 60-тай басшы Үндістанда 2-3 ай тәжірибе жинақтап, білімдерін шыңдай алады". Бұл туралы бүгін, 26-наурызда Семейде жұмыссапарымен жүрген Үндістанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Видья Сагар Верма мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Семей қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметі.

  • 26 Наурыз 2004
  • 2990
Фото - Caravan.kz

Видья Сагар Верманың Семейге келгендегі мақсаты екі ел арасындағы қорғаныс , мәдениет пен білім беру саласы мен сауда-саттық, туризм , газ шаруашылығындағы байланыстарды дамыту. Оның айтуынша, 2002 жылы Үндістан мен Қазақстан басшылары мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтуға байланысты келіссөз жүргізген. Қазір Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда айналымы 70 млн. долларды құрайды. Қазақстандық әкерилер Үндістанда биыл төртінші жыл білімдерін жетілдіруде. Елшімен бірге жүрген әскери атташе, полковник Бал Кришан Шарма «Шығыс» әскери аймағының қолбасшысы Болат Жаңасаевпен кездесіп, Семейдегі қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарымен байланыс орнатуға ынталы екендігін білдірді.

Үнді елінің өкілдері сонымен бірге Семейде Үнді биіне баулитын мектеп ашуға жәрдемдесетінін жеткізді. Қазірге дейін үнді ұлттық-мәдени орталықтары Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалалаларында бар.

Соңғы жаңалықтар