Жарияланды: 450

Үндістан: Мумбайда болған үш бірдей жарылыстан 23 адам опат болды

Үндістанның Мумбай қаласында болған үш бірдей жойқын жарылыстан 23 адам опат болып, 141 жараланды.

Лаңкестік әрекеттер айналасы он минут ішінде орын алған. Біріншісі қаланың ең бай ауданындағы тұрғын үй маңында жарылды. Қалған екеуі темір жол станциясы мен базар ортасында болды. Жергілікті полиция лаңкестер,негізі,бейбіт тұрғындардың зардап шегуіне баса назар аударған дейді. Бұл жарылыстарды әзірге ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Айта кетейік, 2008 жылы да  Мумбайда ірі лаңкестік әрекет орын алған. Ол кезде “Тәж Махал” қонақ үйінде шетелдіктерді кепілге алған топ пен билік әскері қақтығысып, 195 адам оққа ұшқан.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін