Мекеме ақпаратына сәйкес, Д.Фернандес Астанада өзінің Қазақстандық әріптесі Мұхтар Алтынбаевпен жүздеспекші. Сондай-ақ, бірқатар министрлік және мекеме басшыларымен кездесулер жоспарланған. Атап айтсақ, ол ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен, ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбековпен кездеседі.
Сапар барысында екі елдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы туралы мәселе талқыланады деп күтілуде. Осы саладағы ықпалдастық туралы келісімге қол қою да жоспарда бар.