Үндістан қорғаныс министрі ресми сапармен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістан қорғаныс министрі ресми сапармен елімізге келеді

Үндістан қорғаныс министрі ресми сапармен елімізге келеді

Бүгін, 5-қарашада Үндістан қорғаныс министрі Джордж Фернандес ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 5 Қараша 2003
  • 376
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Д.Фернандес Астанада өзінің Қазақстандық әріптесі Мұхтар Алтынбаевпен жүздеспекші. Сондай-ақ, бірқатар министрлік және мекеме басшыларымен кездесулер жоспарланған. Атап айтсақ, ол ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен, ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбековпен кездеседі.

Сапар барысында екі елдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы туралы мәселе талқыланады деп күтілуде. Осы саладағы ықпалдастық туралы келісімге қол қою да жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар