Үндістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жалпы бағдарламаларына айтарлықтай үлес қоса алады - Үндістан СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымының  жалпы бағдарламаларына айтарлықтай үлес қоса алады - Үндістан СІМ

Үндістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жалпы бағдарламаларына айтарлықтай үлес қоса алады - Үндістан СІМ

Үндістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жалпы бағдарламаларына айтарлықтай үлес қоса алады. Бұл туралы бүгін, 4-шілдеде Астанада Үндістан сыртқы істер министрі Натвар Сингх мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Шiлде 2005
  • 376
Фото - Caravan.kz

«Шанхай ынтымақтастығы ұйымы лаңкестікпен күрес және етене жақын экономикалық ынтымақтастық сынды екі салада маңызды бастамалар көтерді»,- деді Н.Сингх. «Біз сонымен бірге Жібек жолы арқылы пәрменді сауда-саттықты қайтадан жаңғырту үшін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде адамдар арасындағы тығыз байланысты дамытуға қолдау көрсетуден мүдделіміз»,- деді Үндістан СІМ.

Оның айтуынша, «Үндістан жалпы Орталық Азия аймағымен, соның ішінде Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты дамытуға айрықша басымдық береді».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-6-шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитінде Үндістанға ұйымның жанындағы бақылаушы мәртебесін беру мәселесі қаралады.

Перейти к новостям спорта